фото: https://sputnik.kz
Алматыда иісшіл ит пәтерде жасырынған басбұзарларды тапты
Алматы жаппай төбелес кезінде адамды пышақтап кетті. Бұзақылар қашып кеткен. Бірақ "Агат" деген иісшіл ит оларды жасырынған жерінде тапты, деп хабарлады қалалық полиция депаратменті.
Полицияға Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйдің ауласында жаппай төбелестің басталғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына патрульдік экипаж жіберілді.
Артынан тергеушілер мен кинолог мамандар да келді.
"Далада ағаш үстелдің аяғы мен пышақ табылды. Қанның іздері де болды. Иісшіл ит бірден ізге түсіп, жақын жерде орналасқан үйге алып барды. Пәтерді бұзып кірдік. Ішінде алты ер адам болған. Біреуі құлақтан жарақат алыпты", - дейді кіші инспектор-кинолог Ерболат Көктал.
Ұсталғандар белгісіз біреулермен төбелесіп қалған. Сол кезде мылтықтан оқ атылды. Тінту кезінде мылтық пен пышақ тәркіленді.
Қарудың иесі төбелеске қатыспадым деп отыр. Алайда қолы мен киімі қанға боялып тұрған. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через