фото: almaty-akshamy.kz
Алматыда қадам бассаңыз, тұрғын үйдің кіреберісінен, ғимараттардың сыртқы қабырғаларынан есірткі жарнамасын кездестіруге болады.
Бұл сайттардан есірткінің әрқилы түрін сатып алуға болады. Жарнамадағы барлық сілтеме телеграмм желісіне сілтейді. Осы жерден жұмыс табуға, есірткі сатып алуға бар мүмкіндік жасалған.
Жарнамалардың көпшілігі камерасы жоқ, ескі ғимараттарда жазылады. Шынымызды айтсақ, балаларымыз үшін алаңдаймыз. Қанша өшірлсе де, жарнаманы қаланың басқа бөлігінен көресіз. Бұларға баннер, ақша құртып қажеті жоқ. Ғимараттың сыртын құртып, қалағанын жаза береді. Бір кездері біздің ауламызда синтетикалық ескірткі жарнамасымен айналысатындар қаптап кетті. Әлгі есірткілерін әр үйдің айналасына көміп кетеді. Кішкентай балалар бұл әрекеттен қорқып, далаға шығудан қалды. Әкімшілік полицияны шақырып, екі айда әрең құтылдық. Сол кезде байқағаным, синтетикалық есірткіге тәуелді адамдар көп, әрі олар қалағандарын істейді. Өздерінің жан рахаты үшін ешкімді аямайды, – дейді Юлия Кравиченко есімді қала тұрғыны.
Дегенмен Алматы қаласының полиция департаменті есірткі жарнамасын өшіру жолында, тасымалдаушылар мен ұйымдастырушыларды ұстап, белсенді жұмыс атқарып жүргенін де айта кеткеніміз жөн болар.
Учаскелік полиция инспекторлары синтетикалық есірткі ұсынатын интернет-сайттардың жарнамаларын бояу бойынша жұмыстарды кешенді түрде ұйымдастырады. Есірткі жарнамасы бар ғимараттардың, қоршаулардың, өзге де құрылыстардың қабырғаларындағы трафареттік жазбаларды учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде бояған. Сондай-ақ қала аумағында орналасқан ғимараттардың, құрылыстардың тұрғындарына, меншік иелеріне және басқарушыларына жүгінеміз. Есірткінің жарнамасы анықталған жағдайда, өтініш білдіреміз. Мүмкін болса, жарнамалық жазбаны бояңыз. Ғимараттың меншік иесіне немесе тұрғын үйдің басқару органына (ПИК) хабарласыңыз. Заңсыз жарнама жасау процесі анықталған жағдайда, учаскелік полиция инспекторына хабарласыңыз немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз, – деді Алматы қаласы полиция департементінде.
Қала әкімі Ерболат Досаев та бұл жағдайға бей-жай қарамай, кешенді жұмыстар істеліп жатқанын мәлімдеген еді.
Қалада есірткі тасымалдау, жарнамалаумен айналысатын жастарымыз көбейді. Тіпті, кәсіпке айналдырып алғандары да жетерлік. Десе де, біз оларды ұстаймыз, әкімшілік айыппұл саламыз. Айта кетейік, есірткі мәселесі қаламыздың барлық ауданында өзекті мәселенің біріне айналды. Аудан әкімдерімен және қалалық полиция департаментімен бірлесіп үлкен жұмыс атқардық, сонымен қатар бізге көмектесетін түрлі ұйымдарды тарта отырып, «Наркостоп» бағдарламасы жүргізіледі. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар осы жарнамалардың барлығын кетіруге көмектеседі, – дейді Ерболат Досаев.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через