Алматыда дыбыс сигналы іске қосылды

Алматыда дыбыс сигналы іске қосылды
фото: sputnik.kz

Түркиядағы зілзаладан кейін Алматыда сақтық шаралары басталды

Алматыда азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеріс жүргізілді деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

"1 нарызда азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеріс жүргізіліп жатыр. Дыбыстық сигналды естіген кезде қалай әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу және интернет-ресурстардағы, мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып шығу қажет", - деп хабарлады ведомство.

Тексеріс барысында электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары қосылды.

Осыған орай дүрбелеңге салынбай, түсінушілікпен қарауды сұраймыз, деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.

"Баршаның назарына!!!" дыбыс сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаны жібермес бұрын, халықтың назарын аудару мақсатында берілетін ескерту сигналы.

Айта кетері, Алматы – сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі. Облыста соңғы бес жылда 40 мың жер сілкінісі болған. Мұндағы жер дүмпулерінің көбі сезілмейді. Оңтүстік астананың сейсмикалық ахуалын үкімет те жіті назарда ұстап отыр.

Қазақпарат