фото: rally36.ru
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жол бөлігін ластағаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы Standard.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Көбінесе құқық бұзушылық деректері әлеуметтік желі арқылы түскен хабарламаларды талдау барысында арнайы мониторингтік топпен, патрульдік және табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен анықталады.
“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлерімен құрылыс алаңдарында тұрақты рейдтер өткізілді. Соның нәтижесінде өткен тәулікте ғана жолдың жүріс бөлігіне қоқыс шығарудың 9 дерегі анықталды. Осыған байланысты Алматы полициясы аталған құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының санкциясында 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түріндегі жаза қарастырылғанын еске салады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через