АЛМАТЫДА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ТАПШЫ

АЛМАТЫДА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ТАПШЫ

Алматы қаласы мен Алматы облысының жүргізушілері дизель отынының жетіспейтіндігіне шағымданды. Кейбір жанармай бекеттерінде жанармай жоқ, басқаларында тек талонмен жібереді. Tengrinews.kz. хабарлауынша Энергетика министрлігі бұл жағдайға түсініктеме берді. Әлеуметтік желілерде Алматы облысында АИ-92 бензинінің тапшылығына шағымдар болды. КТК телеарнасы да Алматыдағы бензин тапшылығы туралы  айтты. Журналистер атап өткендей, кейбір жанармай бекеттерінде жанармай жоқ, басқалары тек талонмен босатады. Ақшаға құятын дизель отыны бар жанар-жағармай құю бекеттері бағаны көтеріп жіберген.Қалалықтар бірнеше күннен бері көліктеріне жанармай құюға мүмкіндігі болмағанын айтуда. Жанар-жағармай іздеу үшін олар бүкіл қаланы айналып өтуге мәжбүр.Бұған дейін дизель отынының жетіспеушілігі Тараз бен Шымкентте кездесетін. Жанармай құю бекеттерінде бірнеше шақырымға созылған кептелістер орын алып, баға 300 теңгеге дейін өсті.Мұнай-газ саласының маманы телеарнаға берген сұхбатында елімізде жанармай тым арзан, сондықтан бағаның көтерілуі сөзсіз екенін айтты. «Өсу болған және солай болады. Бұл бензин мен дизель отынының орташа әлемдік бағасы деңгейіне жеткенше жалғасады. Себебі ЕАЭО шеңберінде, әлемдік сауда ұйымдарының шеңберінде келісімдер бар. Бізде бұрыннан арзан бағалар болды », - деді мұнай-газ саласындағы сарапшысы Олжас Байділдинов. Энергетика министрлігі журналистерге Алматыда 10 мың тоннаға жуық дизель отыны бар, екі мың тонналық тағы бір партия жақында жеткізілетінін айтты.Сондай-ақ, департамент Алматы облысындағы жағдай туралы айтып берді. Мұндағы қор 9,7 мың тоннаны құрайды деп хабарланды.«Бүгінгі күні Алматы облысында АИ-92 бензиніне арналған жанармай құю бекеттерінің бөлшек сауда бағалары 170-тен 174 теңге / литрге дейін, дизельдік отын - 189-дан 199 теңгеге дейін», - деп хабарлады министрлік. Тағы айта кетер жәйт 6 мамыр мен 10 маусым аралығында «ПКОП» ЖШС-да профилактикалық жұмыстар жүргізілді. «Жөндеу жұмыстары бүгін аяқталды. Барлық қондырғылар тұрақты жұмыс істейді», - деп қорытындылады министрлік.