Алматыда дәрігерлер оттегінің бір апталық қорын баллоннан шығаруға мәжбүр болды

Алматыда дәрігерлер оттегінің бір апталық қорын баллоннан шығаруға мәжбүр болды
фото: https://sputnik.kz

Алматыда дәрігерлер оттегінің бір апталық қорын баллоннан шығаруға мәжбүр болды

Бүлікшілер жетінші аурухананы қоршап алған болатын. Дәрігерлердің осындай шарадан басқа амалы қалмады.

"Мен - алматылықпын" ұйымының еріктілері "Казахстанская Правдаға" бүлік кезінде дәрігерлерге қалай көмектескенін және олар қандай жағдайда жұмыс істегенін айтып берді.

"Бүлікшілер жетінші қалалық аурухананы қоршап алды", – деді осы ұйымның жетекшісі және қалалық мәслихаттың депутаты Константин Авершин. – Дәрігерлерге күш құрылымдарының нұсқауымен баллондардағы бір апталық оттегі қорын шығарып жіберуге тура келгенін айтты. Себебі ол резервуарға оқ тисе, жарылыс болатын еді".

Басылымның мәліметінше, "құқыққорғау органдары мен бүлікшілердің қақтығысы кезінде алматылық жедел жәрдем бригадаларының шақырулары негізінен оқ жарақатына байланысты болған. Өкінішке қарай, басқа қоңыраулар бойынша қызмет көрсетілген жоқ".

Ол кезде медицина қызметкерлеріне де шабуылдар басталды. Сондай-ақ, ауруханаларға тиесілі көліктер өртенген болатын.

Оқ жарақаты жоқ адамдарға медициналық қызметкерлер телефон арқылы кеңес берді. Осы күндері қалада қанша адам қайтыс болғаны әлі белгісіз, өйткені жедел жәрдем оларға барып, уақытында көмек көрсете алмады.

 

Мәтіндегі ақпарат туралы