фото: polisia.kz
Алматы полицейлері 30 маусым күні аяқталған “Борышкер” алдын алу іс-шарасын қорытындылады.
Тәртіп сақшылары, жедел алдын алу іс-шарасының мүлдем төзбеушілік қағидатын және жасалған құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ салынған әкімшілік айыппұлдарды, алименттерді өндіру тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілгенін еске салды.
Айтпақшы, бар болғаны жарты күннің ішінде Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 35 көлікті ұстады. Олардың иелерінде жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам айыппұл бойынша қарызы бар. Бұл көліктер қарыз толық өтелгенше мамандандырылған айыппұл тұрағында болады.
Фото polisia.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через