фото: РИА Новости
Алматыда көлік құрылымын дамыту жөніндегі шеберлік-жоспарды бекіту 2023 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Соның аясында мегшаполисте бір қоғамдық көліктен екіншісіне ауысып отыру тегін болады.
«Бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек даңғылындағы BRT пилоттық дәлізінің құрылысы басталады және екінші көлікке тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізіледі», – деп атап өтті Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Екінші кезең барысында, 2025-2026 жылдары LRT көлік дәліздерінің саны 10-ға дейін ұлғаяды және ұзындығы 26 км болатын бірінші LRT желісін іске қосады. Ол желі батыс жақтан қала орталығына барады. Алматы-1 және Алматы-2 станциялары жер үсті метрополитенін қосады.
«Көлік желісін дамыту трафикті тиімді басқаруға арналған құралдардың болуын болжайды. 2025 жылы қалалық магистральдар, қоғамдық көлік және «ақылды» бағдаршамдар біріктірілетін зияткерлік жүйені іске қосу жоспарлануда»,-деді Шаһар басшысы.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через