Алматыда бір мезетте 50 мың домбырашы күй шертті

Алматыда бір мезетте 50 мың домбырашы күй шертті
фото: sputnik.kz

Алматыда "Күй күмбірі" республиклық челленджі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қыземеті.

Челленджда 50 мың домбырашы бір мезетте күй шертті.

"Наурыз мерекесі аясында Алматының барлық білім беру ұйымында "Күй күмбірі" республикалық челленджі өтті. Іс-шарада Құрманғазының "Балбырауын", "Адай", "Сарыарқа" және тағы басқа күйлер орындалды. Жалпы 50 мыңнан астам домбырашы қатысты", - дейді ведомстводағылар.

Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, күйлер бір уақытта қаланың 215 мектебі мен 20 колледжінде орындалды.

Айта кетейік, Алматыда Әз-Наурыз мерекесі биыл ерекше аталып өтіп жатыр.

Наурыз мерекесінің биыл алматылықтарға берген сый тартуының бірі – 1000-нан астам адам қатысқан "Наурыз думан" керуені болды.

ҚазАқпарат