фото: Алматы әкімдігі
Дәстүр бойынша жаңа жылдық шырша шамы Тәуелсіздік мерекесінен кейін жағылды. Бас шырша республика сарайы алдындағы Абай алаңында орнатылды.
Жаңа жылдың басты символының биіктігі - 20 метр. Бас шыршаны жағу рәсімінде Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, «Жігіттер», «Кешью», «Ринг», «Шамис» және тағы басқа эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Мереке орай, мегаполисте түрлі флешмобтар, байқаулар, қойылымдар мен Аяз аталар шеруі өтеді. Бүгін қаланың өзге аудандарындағы шыршалар да жағылды.
Одан бөлек, жаңа жылдық шыршалар Тұңғыш Президент Саябағы, «Алматы Арена» стадионы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар театры, Наурызбай ауданы әкімдігі, Орталық стадион, «Астана» алаңы маңына орнатылды.
31 желтоқсанда «Астана» алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді, оның соңы мерекелік отшашуға ұласпақ.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: Алматы әкімдігі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через