Алматыда автобус жүргізушісі газ құбырын бұзып өтті

Алматыда автобус жүргізушісі газ құбырын бұзып өтті
фото: Бақ кз

Оқыс оқиға Халиуллин көшесімен батыс бағытта Тәтібеков көшесінің қиылысында болған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмаған. 

Жүргізуші 1963 жылы туған. Foton маркалы автобусты басқарды. Ол Халиуллин көшесімен батыс бағытта Тәтібекова көшесінің қиылысында тізгінге ие бола алмаған. Автобус жол жиегінен шығып, металл қоршау, газ құбыры және бағдаршамды бұзған, – делінген хабарламада.

1964 жылы туған жаяу жүргінші жол апатынан зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.

ҚазАқпарат