фото: egemen.kz
Алматыда «Қала күнін» мерекелеу шеңберінде 16-17 қыркүйекте сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Оған Алматы облысы мен Қонаев қаласы 9 ауданының шаруашылық қожалықтары қатысады. Жәрмеңкеде өнімнің шамамен 50 атауы (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімі, ұн, жармалар, өсімдік және мал майлары, т.с.с.) ұсынылатын болады.
Жәрмеңкеге барлығы 200 тонна ауылшаруашылығы өнімі, оның ішінде, 30 тонна – ет, 130 тонна – жеміс-көкөніс, 15 тонна – сүт, 10 тонна – балық, 15 тонна – өзге де өнім әкелінеді.
Алматының Сәтбаев көшесі бойымен Достық даңғылы және Уәлиханов көшесі арасындағы учаскеде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке кезінде Сәтбаев көшенің осы учаскесінде көлік қозғалысы жабылады.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через