Алматы қалалық ветеринарлық қызметі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның аясында осыған дейін ауланған иттерді босататынын мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, енді ауланған жануарларды өлтіруге тыйым салынады. Қауіпті жұқпалы аурумен ауыратын және негізсіз агрессия танытатын жануарларды ғана атуға рұқсат.
«Биыл маусым айынан бастап ауланған бұралқы иттер тексерістен өтеді. Егер қауіпті ауру мен себепсіз агрессия байқалмаса, оларға вакцина салынып, кастрация жасалады. Содан кейін олар асырап алғысы келетіндерге беріледі», - деп атап өтті Алматы қаласы ветеринарлық қызметінің мамандары.
Егер ешкім асырап алмаса, құлақтарына арнайы жасыл белгі тағып, еркіндікке жібереді.
Фото: stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через