«Алматы паркингінде» бірыңғай операторы құрылып, кәсіпорын директоры тағайындалды.
Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, көлік тұрақтарын одан әрі күтіп ұстау үшін арнайы бағдарлама әзірлеу жұмыстары басталды. Оған дейін автотұрақтарды басқарған компаниялар өз қызметін жалғастыратын болады. Қазір автотұрақтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Әдеттегідей, төлемдер тексеріліп, айыппұлдар салынады.
«2022 жылдың 6 желтоқсанындағы жағдай бойынша компаниялардың есепшотында 596 млн теңге бар. Бұл сома күн сайын толықтырылып отырады және серіктестік басшыларына қатысты сот ісі аяқталғаннан кейін құрылған мемлекеттік кәсіпорынның есепшотына аударылады», - деп атап өтті Алматы қалалық мобильділік басқармасынан.
Айта кетейік, көктемде Алматыдағы ақылы автотұрақтар ұала меншігіне қайтарылған болатын.
Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі алғаш рет 2016 жылы енгізілді.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото kapital.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через