Семей тұрғыны алаяқтық жолмен алматылықтың 80 мың долларын алып, қашпақ болған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқ Алматыға Семейден келген. Ол ақша айырбастау орнын жалға алып, валюта айырбастау туралы хабарландыру жариялаған.
«Оның құрығына бірінші болып Алматы тұрғыны түскен. Жексенбіде кездесетіні туралы келіскен. Кейін бойжеткен белгіленген орынға келіп, оның қолына 80 мың долларды ұстатқан. Ер адам айырбастаймын деген сылтаумен басқа бөлмеге кетіп, қосалқы есіктен қашып кеткен», - дейді Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Полиция өкілінің сөзінше, 1985 жылы туған күдікті Өскемен әуежайында ұсталып, қамауға алынды.
«Сот алды тергеп-тексеруді жүргізу Медеу аудандық полиция басқармасының тергеушілеріне тапсырылды»,- деді Рустам Әбдірахманов
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через