фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 24 қаңтардан бастап 92 бағытта жаңа автобустар жүре бастайды.
"АлматыЭлектроТранс" ЖШС-ның мәліметінше, Golden Dragon маркасының төмен еденді 12 метрлі автобустары жолға шығады.
"Автобустар жайлылықты арттыруға және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін арналған заманауи технологиялық жиынтықпен жабдықталған. Сондай-ақ бейне тіркегіші бар. Жалпы сыйымдылығы 113 орын, оның ішінде 28 отыратын, 85 тұруға арналған орындар. Бұған дейін 92 бағытта Zhong Tong маркалы автобустар жүретін", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Компания, сондай-ақ, автобустардың саны 22-ден 25-ке дейін көбейгенін хабарлады. Бұл қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартып, сервис сапасын жақсартуға мүмкіндік бере түспек.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через