фото: sputnik.kz
Алматының Алатау ауданында 80 млн теңгенің жарық бағаналары ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәсіпорын қызметкерлері жарық бағаналарының кем екенін байқап, полицияға арызданған. Қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен әшкереленді.
"Біздің ауданымызда осындай 20-дан астам эпизод анықталды. Қаскөйлер түнде ұрлық жасаған. Олар ГАЗель жүк көлігімен келіп, жалға алынған манипуляторды айдап әкеліп, тура іргедегі шам бағандарын кесіп, ұрлап кеткен. Біз 50-ден астам ұрланған бағананы тәркіледік", - дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Қылмыс жасады деген күдікпен 32 және 24 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақ тәркіленді.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через