Алматыда 8 қазан жалпы қалалық сенбілік өтеді

Алматыда 8 қазан жалпы қалалық сенбілік өтеді

Алматыда «Табиғатта қоқыс жоқ!» жалпыұлттық акциясы өтеді. Жаппай экологиялық сенбілік 8 қазанда туристер көп келетін бес жерде өтеді

Осыған орай, қала әкімдігі барша қаланың жанашыр тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға шақырады.

Акция Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарындағы жерлерді қамтиды:

Бутаковка шатқалы – орманшының үйінен басталып, «Бутаковка» төменгі сарқырамасына дейін;

Ақбұлақ – Көкжайлау – «Ақбұлақ» аялдамасынан бастап Көкжайлау үстіртіне дейін;

Казачка шатқалы – Казачкадағы тұйық тосқауылдан Көкжайлау үстіртіне дейін;

Қимасар шатқалы – Қимасар шатқалындағы қаңырап қалған үйден кемпингке дейін басталады;

Проходное шатқалы – тас аялдамадан «Қыздың көз жасы» сарқырамасына дейін.

Ведомствоның хабарлауынша, барлық қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен және суы бар түскі ас жәшіктерімен қамтамасыз етіліп, қаладан трансфер ұйымдастырылады.

Белсенділер үшін жиынның күні мен уақыты белгіленеді.

8 қазан күні белсенділер 07:45 - 08:00-де Спорт сарайының жанына жиналуы керек. Балуан Шолақ (Визу Алматы), «Қазақстан» қонақ үйі (паркинг) және Тұңғыш Президент саябағында (Визу Алматы).

Дереккөз Zakon.kz. Фото: orenburg.er.rudknews.kz