Алматыда “Абайлаңыз, балалар!” жедел алдын алу іс-шарасы аясында 2115 жол белгісі орнатылды, 613 жол белгісі қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласының әкімшілік полициясы 15 мамырда “Абайлаңыз, балалар!” жедел алдын алу іс-шарасы басталғанын хабарлайды.
Осы күндері біздің бөлімшенің қызметкерлері қаланың қалалық мобильділік басқармасының мамандарымен бірлесе отырып, қолданыстағы төлқұжаттарына сәйкес жалпы білім беретін мектептер және мектепке дейінгі мекемелердің орналасқан жерлеріндегі жол желісі мен көлік қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарына зерттеу жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде 30-дан астам кемшілік анықталды. Оларды жою жөнінде тиісті нұсқамалар да беріліп қойған, – деді Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Іс-шара кезеңінде 2115 жол белгісі орнатылды, 613 жол белгісі қалпына келтірілді және ауыстырылды. Сонымен қатар 11929 шаршы метр жол таңбалау сызығы салынды. Білім беру мекемелері аумағындағы реттелмейтін 130 жаяу жүргіншілер өткелінде бағаналар мен бекіткіштер ауыстырылып, қосымша LED-жарықтандыру орнатылды.
Білім беру мекемелері аумағында көлік жылдамдығын бақылау үшін “Сергек” АӨК-нің 12 бекеті жұмыс істейді. Сонымен қатар 2023 жылы “Сергек” АӨК-нің 97 бекетін орнату жоспарланған, – деді Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Сондай-ақ полицейлер қазіргі уақытта Алматы қаласында АБЖАБ режиміне қосу арқылы жаяу жүргіншілерге арналған шақыру түймесі бар 16 бағдаршам нысаны мен 25 реттелетін бағдаршам нысаны жобалануда екенін атап өтті. Сондай-ақ Алматы қаласы ПД 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына LED-жарықтандырылған 273 реттелген жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын енгізу қажеттігін алға тартып отыр.
Фото kz.oqu.news.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через