Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қаладағы жағдайды бақылау үшін Алматы полицейлері 131 мыңнан астам бейнебақылау камераларын қолданады. Оның 18 мыңнан астамы ПД Жедел басқару орталығына шығады, деп хабарлайды Standard.kz.
Бұл камералар бізге көшедегі қылмыстың алдын алуда және жасалған қылмыстарды “ізін суытпай” ашуға ғана емес, сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіруге, қоғамдық орындардағы жағдайды бақылауға жедел әрекет ету үшін айтарлықтай көмектеседі. Сыртқы бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 3646 қылмыс ашылды. Біз барлық камераны көруге қалай үлгереміз? Түсіндіремін, қаланың негізгі магистральдары мен стратегиялық аймақтарының камералары ЖБО-ның негізгі панелінде көрсетіледі, ал қалған камераларды онлайн режимінде көріп отырамыз, – деді Арыстанғани Заппаров.
Сонымен қатар полиция қазіргі уақытта қалада 5034 камерадан тұратын 766 аппараттық-бағдарламалық кешен барын хабарлады. Осы жылдың сәуір айының соңына дейін тағы 575 бекет, оның ішінде 2944 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған, деп хабарлады polisia.kz.
Фото kolesa.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через