Алматыда 10 жасар баланың асқазанынан бір келіге жуық шаш шықты

Алматыда 10 жасар баланың асқазанынан бір келіге жуық шаш шықты
фото: massaget.kz

Фото:crithin.livejournal.com

Алматыда дәрігерлер ұл баланың асқазанынан 900 грамм шаш пен жүн алды. 10 жасар науқас балалар ауруханасына іш ауыруы, құсу, ауырсыну және әлсіздік шағымдарымен жеткізілген деп хабарлады.

Анасының айтуынша, баланың шаш, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтып қоятын жаман әдеті болған. Ол кілемнің түгін де суырып алып шайнайды екен.

«Дәрігерлер 90 минут операция жасады. Асқазаннан үлкен трихобезоар алынды. Баланың асқазанында шырыш пен тағам араласқан 900 грамм шаш пен жүннен диаметрі 20-да 15 см болатын орам пайда болған», – делінген хабарламада.

№2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаев атап өткендей, трихобезоар қорытылмаған заттардың – шаш пен жүннің тамақ массасымен жиналуынан пайда болған, ол асқазан сөліне араласып, тығыз орамға айналған.

Осы орайда дәрігер ата-аналарға баласының патологиялық мінез-құлық реакцияларына ерекше назар аударып, аталған жаман әдеттер болған жағдайда дереу мамандарға: психологтарға (психотерапевттерге), невропатологтарға, гастроэнтерологтарға хабарласуға кеңес берді.

Қазақпарат