Бос уақыт

Алматыда 1 мамыр қалай тойланады?

  Алматыда 1 мамыр қалай тойланады?

Осы аптада Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ге жуық түрлі мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтіледі.

1 мамырға арналған іс-шаралар тізімі:

- Абай алаңында "Достық туралы ән" музыка фестивалі өтеді. Концертте белгілі орындаушылар, соның ішінде Айқын Төлепберген, Ғазизхан Шекербек, Кәмшат Жолдыбаева, 2rar, Нұрмұхамед Жақып, Мәди Рымбаев, AYREE, А.Z, Ziruza, C.C.TAY, AlZaBi, КешYou өнер көрсетеді;

- хайуанаттар паркінде цирк маусымының ашылуына орай "Қазақ мемлекеттік циркінің" көшпелі шоу-бағдарламасы;

- Әл-Фараби даңғылы/Қозыбаев көшесі бойында веложарыс ресми түрде веломаусымның басталуын атап өтеді;

- Алатау ауданындағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Бірлігіне берік ел" концерті;

-  М.Ганди атындағы саябақта Алмалы ауданының балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық бағдарламасы болады; 

- Әуезов ауданындағы "Сарыарқа" скверіндегі Family park-те мерекелік концерт; 

- Бостандық ауданындағы "Мега Алматы" СОСО іс-шарасы;

- Жетісу ауданында "Гүлдер" саябағында мерекелік бағдарлама; 

- Медеу ауданында - "Ғылым ордасы" алаңында және Ш.Уәлиханов атындағы саябақта. 

- Наурызбай ауданында аудан әкімдігі ғимаратының жанында концерт;

- Түрксіб ауданында - "Март" СОСО жанында.

Сонымен қатар, 25-29 сәуір аралығында қала мектептерінде Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған сынып сағаттары, қаланың барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінде 1 мамырға арналған іс-шаралар өтеді.

29 сәуірдегі іс-шаралар тізімі:

– И.А. Крылов атындағы кітапханада Еуразиялық аграрлық колледжінде "Барлық халықтарға ортақ мейрам" квест және "Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан" фестивалі өтеді;

- Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның Н.Тілендиев атындағы камералық залда мерекелік концерт жоспарланған;

- дәл осы күні "Гүлдер" саябағында этномәдени бірлестіктер арасында жарыс өтеді;

30 сәуірдегі іс-шаралар тізімі:

- сағат 10:00-де Наурызбай ауданындағы Нұрмұхамедов көшесінде "Бірлігіміз жарасқан!" акциясы бойынша ағаш көшеттері отырғызылады;

- Автомеханика колледжінде Қазақстан халқының Бірлігі күніне  арналған "Құстың күші – қанатында, адамның күші - достықта" атты фольклорлық мереке өтеді.

Фотосурет gov.kz, kazgazeta.kz  сайттарынан алынды

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру