Алматы зообағының қызметкерлері сүйінші жаңалық айтты

Алматы зообағының қызметкерлері сүйінші жаңалық айтты
фото: КТК сюжетінен алынды

        Алматы зообағы осымен екінші рет егіз қонжықпен толықты. Жануарлар былтыр желтоқсан айында туған. Зообақ мұны енді ғана жариялап отыр. Қос қонжықтың аяғынан тұрып кетуіне шамамен үш айға дейін уақыт кетеді.     

      Гималай аюлары Яшин мен Уссуридің бұлар екінші төлі. Мұның алдында ұрғашы қонжық туыпты. Зообақ қызметкерлері жаңа туған қонжықтардың жағдайы жақсы дейді . Олар үш ай тамақ ішпей, арнайы үйшіктің ішінде жатуға тиіс. Қонжықтардың енесі күш-қуат жинауы үшін молынан қоректеніп жатыр – ет, балық, ботқа, жеміс-жидектер мен қара нан, түрлі дәрумен. Тағамдар алдында толып тұр. Қазір кішкентай егіздерге әдемі ат қою үшін зообақ басшылығы конкурс жариялаған.

       Айта кетейік, бүгінде қаладағы хайуанаттар бағында 10 аю бар. Оның үшеуі Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань аюы, қалғаны Гималай тауларында тұратын қоңыр аюдың оқшауланған аз түрі.

Алматы хайуанаттар бағының зоотехнигі Ерасыл Жұматайұлы:

"Алматы хайуанаттар бағының зоотехнигі: -Үстіне жүн өсіп қалпына келгенше үш айдай уақыт кетеді. Туған соң оны үш ай адамдар көре алмайды. Өйткені қонжықтар аюдың қойнында жатады. Бұйырса, он күннен кейін жұртшылыққа шығарамыз",-деп айтты.

Bugin.kz