«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына 18 мамырдан бастап өтініш беруге болады

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына 18 мамырдан бастап өтініш беруге болады

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы өтінімдер қабылдауды бастайды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жастарға арналған қалалық бағдарламаның қайта жаңғыртылғаны туралы хабарлады.

Өтінімдерді қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Осы жолы 1000 жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олардың арасында бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтарынан: мұғалімдер, медицина қызметкерлері, оқытушылар, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері және тағы басқалары бар.

Қатысушыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 миллион теңгеге дейінгі сомаға 5% -бен жеңілдікті заем беріледі. Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-ы.

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы туралы толығырақ ресми сайтынан білуге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото: vestisemey.kz