Бүгін Алматыда хайуанаттар бағының ашылғанына 85 жыл толды.
Алматыда хайуанаттар бағы 1937 жылы 7 қарашада ашылды.
Содан бері қала қонақтары мен тұрғындарының сүйікті орны болып келеді.
«Алматыдағы хаайуанаттар бағы тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де жабылған жоқ. Зообақ ашылған жылы жануардың тек 70 түрі болды. Ол кезде Алматыға жануарлар Мәскеу, Ашхабад, Ленинград хайуанаттар бағынан әкелінетін. Қазіргі уақытта Алматы хайуанаттар бағында 4000 жануар және олардың 372 түрі мекен етеді. Зообақта қазір жасы ең үлкен жануар – қолтырауын. Биыл ол 50-ге толды»,- деп хабарлады Алматы қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
Бұрында зообақта арыстандар мен қолтырауын, жылан, тотықұстарға арналған бір ғана қысқыжай болған. Қазіргі уақытта әр жануардың қысқы тұрағы бар.
«Соңғы уақытта біз аюларға, қасқырлар мен жолбарыстарға арнап кең вольерлер салдық. Зообақ аумағындағы көлшіктерге күрделі жөндеулер жүргіздік. Алдағы уақытта пілдерге, мүйізтұмсықтар мен сусиырларға арнап кең жазғы және қысқы тұрақ саламыз. Сонымен қатар, жаңа ветеринарлық бөлім, жем-қорек бөлімі мен жеміс-жидек сақтайтын қойма саламыз»,- деп хабарлады зообақттың баспасөз қызметі.
Фото: kapital.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через