Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген
Алматыда былтыр қыркүйекте ұсталған жалған ақша жасаушы бас бостандығынан айырылды.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынш,, ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде ұсталған. Ол жалған 93 мың АҚШ доллары купюраларын өткізбек болғанда қолға түсті.
"Тергеу мәліметі бойынша Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген", - делінген ақпаратта.
Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.
Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға мұқият болып, жалған банкнотты тапқан жағдайда дереу агенттікке + 7 (7172) 708 478 сенім телефоны немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы хабарласуды сұрады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через