Алматы – театры ең көп қала

Алматы – театры ең көп қала

Алматы қаласы еліміздегі театрлардың ең көп шоғырланған жері. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

1932 жылы елімізде тек 2 театр жұмыс істеген. 4 жылдан кейін олардың саны 24-ке жетеді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның 65 театрында қойылымдар сахналанады. Оның 10-ы – жекеменшік. Театрлардың көп бөлігі Алматыда шоғырланған, онда 18 театр жұмыс істейді. Астанада 9 өнер үйі бар, ал Шымкентте – 6. Театрлардың негізгі үлесі – драма театрлар. Олардың саны – 36. Қазақстан бойынша 4 опера және балет театры бар, музыкалық театрлардың саны да дәл сонша. Жас көрермендер үшін 6 театр және тағы 9 қуыршақ театры бар», - делінеді хабарламада.

Бұдан бөлек, театрға келушілердің көпшілігі де Алматыда.

«2021 жылы театрларда 2 565 қойылым көрсетілді. Оның 319-ы жаңадан сахналанған. Өткен жылы әртістердің ойынын 1 172 718 көрермен тамашалаған. Ал, көрерменнің басым бөлігі Алматы (278,3 мың адам), Астана (211,3 мың адам) және Шығыс Қазақстан облысының (137,2 мың адам) театрларында болды», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Фото: mobillegends.net