фото: https://sputnik.kz
Алматы-Ташкент пойызы пандемиядан кейін бірінші рет рейске шығады
24 вагоннан тұратын құрам аптасына 3 рет қатынайтын болады.
Мемлекетаралық "Алматы – Ташкент" пойызы ұзақ үзілістен кейін бірінші рейсіне шығады, деп хабарлады "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы.
"Бүгін 18 сағат 32 минутта Алматы 2 вокзалынан "Алматы-Ташкент" қатынасындағы №1/2 халықаралық жолаушылар пойызы жолға шықты. 24 вагоннан тұратын құрам аптасына 3 рет қатынайтын болады. Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады", - делінген хабарламада.
Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге темір жол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті.
Анықтама берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы керек. Немесе коронавирустық індетке қарсы екпе немесе қайта екпе қабылдаудың толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы дозаны алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім).
Егер ПТР тестінің нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациясының паспорты болмаса, онда жолаушылар вагонға отырғызуға жіберілмейді.
Ертіп жүретін адамдары болса 5 жасқа дейінгі балаларға, ҚР үкіметтік делегацияларының және локомотив бригадаларының мүшелеріне анықтамасыз елге кіруге рұқсат етіледі.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через