фото: sportishka.com
Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің министрлері 2023-2024 жылдарға ұйымның мәдени және туристік астанасы ретінде Алматы қаласын бекіту туралы ұсынысты қолдады.
Онлайн-кездесуге Үндістан, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Пәкістан өкілдері де қатысты.
Алматының мәдени және туристік астана ретінде бекітілуі туризм саласындағы көрсеткіштерді жақсартады. Баршаңызды Қазақстанға келіп, еліміздің көрікті жерлерімен және мәдениет саласындағы жұмысымыздың нәтижелерімен танысуға шақырамын", - деді Қазақстан атынан аталған жиынға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Айта кетейік, Қазақстан 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді.
Фото sportishka.com.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через