Бүгіннен бастап Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды.
Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктерін заңдастыра алады.
Заңдастыру барысында автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек, криминалдық есепте болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс және Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет деген талаптар қойылады.
«Заңдастыру бойынша өтінімді е-gov.kz электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады. Ал үйден өтінім беру мүмкіндігі жоқтар кез-келген ХҚО-ның өзіне өзі қызмет көрсету секторлары арқылы беруге болады.
Өзімен бірге жеке куәлігі, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат болуы тиіс. Өтінімде автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуы қажет», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.
Өтінімді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қарайды. Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен хабарлама жіберіледі.
«Көлік иелерінің өтінішіне бас тарту келіп жатса, МХҚО-ға барудың қажеті жоқ, себептерін білу үшін тікелей мемлекеттік органға хабарласуы керек. Ал өтініші қабылданған болса, автокөлікті тексеру үшін МХҚО-ға онлайн кезекке тұру қажет. Ол үшін мәртебе парағында «кезекке тұру» батырмасын басып, Алматы қаласындағы 4 МХҚО-ның бірін таңдап, соныңда күні мен уақытын белгілеу керек. Белгіленген уақыттан 20 минут бұрын автокөлікті МХО-нын тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін әкелу қажет. Талонды тексеру пунктінде немесе «ХҚО» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. Автокөлікті тіркеу үшін МХО-ға барып, көлікке меншік құқығын растайтын құжаттың түп нұсқасын және көліктің шетелдік техникалык паспорттын тапсыру кажет. Алдын ала онлайн кезекке тұрмаған жағдайда, азаматтарға қызмет көрсетілмейді», - деп қосты Жаңыл Амантайқызы.
Шетелдік көліктерді заңдастыру шараларын Алматы қаласындағы келесі МХҚО-лар жүзеге асырады:
№1 мамандандырылған ХҚО - .Саялы ш / а, Аққайнар көшесі, 1
№2 мамандандырылған ХҚО - Майлин көшесі, 85
№5 мамандандырылған ХҚО - Құлжа даңғылы, 9К
№ 6 мамандандырылған ХҚО – Кемел ш / а., Ақсуат көшесі, 118
Заңдастыруға рұқсат алған азаматтар мемлекеттік алымдар төлеу қажет: алғашқы тіркеу үшін – 200 мың теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж – 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір құны – 9 660 теңге. Төлемді QR код арқылы орталықта төлеуге болады.
Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты МХҚО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.
Алматылық 39 жастағы Сейілбек Олжабеков бүгін 2019 жылы Армениядан әкелінген автокөлігін тіркеді. "Мен көп балалы әкемін, осы машинаның көмегімен күн көремін, жеке жолаушылар тасымалын жүзеге асырамын. Мемлекет бізге берген бірегей мүмкіндікті пайдаландып отырмыз. Бұл халықтың нақты қолдауы. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым", - деді Сейілбек Олжабеков.
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары бір реттік акция ретінде ұйымдастырылып
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі сағат 12.00-ге дейінгі статистика бойынша, Алматы қаласында шетелдік көліктерді заңдастыруға - ЭҮП арқылы 84 көрсетілетін қызметті алушы жүгінді, қабылданған құжаттар саны 59, 12 өтінім МО өңдеу сатысында, қалған 37 өтінім мақұлдау сатысында.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через