Алматы қаласы аумағында 15-17 ақпаны аралығында «Күнделікті тұрмыс» іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Standard.kz.
«Полиция қызметкерлері аулаларды және үй-үйді аралап, түрлі меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдардың ұжымдарымен кездесулер, сондай-ақ тұрғындармен жиындар өткізіп, заңнаманы түсіндіреді және оларға зорлық-зомбылыққа төзбеу керектігін айтады», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Диас Дуанбеков.
Халықты хабардар ету үшін қаладағы әрбір учаскелік полиция пункттерінде телефон нөмірлері мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларының деректері көрсетілген ақпараттық белгі орнатылған
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда азаматтардың қайда жүгінуге болатынын айтты.
Алматы қаласы ПД 254-40-42
Алатау ауданы бойынша 227-55-02
Әуезов ауданы бойынша 298-53-02
Алмалы ауданы бойынша 254-46-12
Бостандық ауданы бойынша 254-47-02
Жетісу ауданы бойынша 254-49-02
Медеу ауданы бойынша 254-48-02
Наурызбай ауданы бойынша 254-44-62
Түрксіб ауданы бойынша 298-54-02 немесе 102.
Материал Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметінен алынды. Фото: kazlenta.kz, dknews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через