«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында Алматы полициясы 9 қарашадан бастап қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті.
Іс-шараны өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
«Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында қала аумағында полиция жасағының, оның ішінде жаяу патрульдердің саны артады. Полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралап жүр»,- деп хабарлады ведомстводан.
Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізеді.
«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау, көлікті айдап әкету және тағы басқа айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді»,- деп атап өтті полициядан.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: kaztag.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через