Алматы қалалық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қыс мезгілінде электросамокат секілді микро мобильді қозғалыс құралдарымен жолға шықпауды сұрады.
Полицияның мәліметінше, қысқы мезгілде самокатпен жүру жүргізуші мен басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіпті болуы мүмкін.
«Алматы қаласының полициясы аталған көлік түрін қыс мезгілінде пайдаланбауға кеңес береді. Себебі, ол жаңбыр мен қарда пайдалануға жарамсыз. Сонымен қатар, бұл құрылғылар жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіреді», - делінеді полиция хабарламасында.
Сондай-ақ, полиция департаменті бүгінгі заңнама бойынша қысқы уақытта бұл құрылғыларды пайдалану ресми түрде шектелмегенін атап өтті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через