Алматы облысындағы Саты таулы ауылында су деңгейі төмендеді

Алматы облысындағы Саты таулы ауылында су деңгейі төмендеді
фото: sputnik.kz

Бұршақ пен нөсер жаңбырдан зардап шеккен Саты ауылында жағдай тұрақталды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Су басқан елді мекеннің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Кадрларда Кеген ауданындағы Саты ауылындағы сел түсірілген. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, балшық тасқыны ауыл арасынан өткен.

"Елді мекендегі арықтардан сел асып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Су астында қалған тұрғын үйлер жоқ. Жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді. Су сору жұмыстары жүргізілген жоқ, өйткені су топыраққа сіңіп кетті", - деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында департаменттің, "Қазселденқорғаудың", сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері әлі де жүр.

Еске сала кетейік, 5 шілдеде нөсер жаңбыр салдарынан Ұйғыр ауданындағы Алматы - Көкпек - Көктал автожолының учаскесі су астында қалды. Ал 6 шілдеде тауларда жаңбыр мен бұршақ жауып, сел болды. Салдарынан Саты Сай шатқалына апаратын жолды сел шайып кетті.

Қазақпарат