фото: https://sputnik.kz
Алматы облысында жасырын орыннан қару-жарақ табылды
Көлік полицейлері Алматы облысында жасырын орыннан қару-жарақ тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласының маңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрылыс қалдықтарының үйіндісі аумағында теріге оралған 4 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық пен 12 калибрлі 22 патрон тауып, тәркіледі.
Бұл туралы департамент бастығы Оңал Бекеев айтты.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қару мен оқ-дәрілерді сақтауға қатысы бар адамдар анықталуда. Алынған заттай дәлелдемелер сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через