фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@manfred-langpap
Биыл Алматы облысында вольфрам кен байыту фабрикасы ашылады.
Оның инвестициялық құны 300 млн доллардан асып жығылады. Мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, қосалқы кәсіпорындар жүйесі тағы құрылмақ. Айта кетерлігі, вольфрам қоры бойынша Қазақстан әлемде бірінші орында тұр. Шикізат базасына үңілсек, 2 млн тонна, немесе жаһандағы қордың 63 пайызы бізде екен. «Сондықтан кен байыту комбинаты айрықша маңызға ие болмақ», - дейді «Kazakh Invest» компаниясы жобалар департаментінің директоры. Бауыржан Айтқұловтың айтуынша, өндірілген вольфрам экспортқа жөнелтілмек.
Жалпы биыл шетелдік инвесторлардың қолдауымен 40 кәсіпорын ашылады. Үкімет басшысының қатысуымен өткен «Kazakh Invest» директорлары кеңесінде осы жобалардың экономикалық тиімділігі талқыланды. Оларды іске қосуға Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Италия, Ресей және АҚШ елдерінің кәсіпкерлері ниет танытқан еді. Осылайша, елде қосымша 8 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр.
Бүгінде ұлттық компания 200 инвестициялық жобаны қолға алыған. Оның жалпы құны 27 млрд доллардан асады. Егер жоспар іске асса, 70 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.
Инвестициялық көрсеткіштер
Енді жыл басынан бері елге құйылған инвестициялық көрсеткіштерге көз жүгіртсек. Биыл бір ғана қаңтар айында 791 млн теңгеге жуық қаржы тартылған. Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы 22 млн 300 мың теңгеден асты. Бұл көрсеткішті былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ 7 пайызға көбейгенін көреміз. Демеу қаржының басым бөлігі жеке кәсіпкерлер есебінен бөлініп отыр. Оның үлесі 83 пайызға жуықтайды. Басқа қаржы көздерінен тартылған қаражат көлемі 103 млн теңге. Ал банк несиесінен бөлінген қаражат 12 млн-нан сәл асады.
Жаңа ғана шетелдік инвестиция жайлы айтып кеттің ғой. Олардан бөлінген қаржының мөлшері қандай? Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, қаңтарда шетелдік кәсіпкерлерден түскен инвестициялық қаржы 19 млн 700 мың теңгені құрады.
Қаңтардағы инвестиция үлесі:
Тау-кен өнеркәсібі – 37%
Қайта өңдеу өнеркәсібі - 11,7%
Жылжымайтын мүлік операциялары - 18,2%
Көлік және қоймада сақтау - 15,5%
Орман және балық шаруашылығы - 3,3%
Енді бұл қаражаттың бәрі қай салаға бағытталып жатыр деген мәселеге келсек, жауабын мына кестеден көреміз. Инвестициялық соманың 37 пайызы тау-кен өнеркәсібіне тиесілі. Қайта өңдеуге -11,7, жылжымайтын мүліктің операцияларына 18,2, көлік, логистика және қоймалар жүйесіне 15,5 пайызы бағытталған.
Айта кетейік, Жетісу облысына құйылған инвестиция 2 есе артқан. Сол сияқты Ұлытау өңірінде 52 пайыздық өсім байқалады. Жамбыл облысында 40, Алматы өңірінде 34, Қызылорда мен Түркістан аймақтарын дамытуға арналған қаржы 30 пайыздан асады.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через