Жұмыссызға «Балық берме, қармақ бер».
Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Талғар ауданының 75 тұрғыны жаңа кәсіпті меңгерді. Олардың барлығы көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған қыз-келіншектер. Отбасының ұйытқысы болған жандар бүгін екі айлық курсты аяқтап, сертификаттарын алды.
Ақжан Смағұл алты баланың анасы. Визажисті көптен бері оқығысы келген екен. Бірақ сәті түспепті. Талғардағы «Берекелі жанұя» әлеуметтік орталығында курс ашылатынын естіген соң бірден жазылған. Өзі екі ай бойы Тұздыбастау ауылынан қатынап тұрған.
Ақжан Смағұл, көп балалы ана:
- Мен сабаққа барып келгенше жолдасым қарай тұрады. Мен келгеннен кейін ол кісі жұмысқа шығады. Сөйтіп бір-бірімізге көмектесіп осы мамандықты оқып бітірдік. Өзім жақсы көремін визижисті. Бояндырғанды, сәндегенді адамдарды.
Тағы бір көпбалалы ана Инара Теміржанова тігіншінің оқуын бітірді. Аз уақыттың ішінде ұстаздардан көп дүние үйренгенін айтады.
Инара Теміржанова, көп балалы ана: - Қолымнан келеді екен. Басында балама пайдам тисін, киімдерін болса да өзім тігіп берейін деп ойлап бастағанмын. Бірақ әрі жалғасын табады деп ойлаймын.
Бұдан өзге шаштараз, маникюр, педикюр және бухгалтердің курсы оқытылды. Жобаны облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша «Адам және қоғам» ұйымы жүзеге асырған. Әр мамандықты игеруге 36-дан 70 сағатқа дейін уақыт бөлінген.
Жанат Сманқұлова, "Адам және қоғам" қоғамдық ұйымының директоры:
- Білесіздер қазір нарықта курстың бағасы өте жоғары. Ал бұл жерде барлығы тегін беріледі. Содан кейін курсты өткізген мамандардың квалификациясы да жоғары. Біз соны өзіміз таңлап, себебі он жылдық тәжірибесі бар болғаннан кейін бізде оның барлығы жақсы есептелінеді.
Жоба тек үйретіп, сертификат берумен шектелмейді. «Адам және қоғам» ұйымы жаңа мамандықты меңгерген қыз-келіншектердің жұмысқа орналасуына және өз кәсібін ашқысы келетіндерге ақпараттық әрі заңдық кеңес береді. Ұлан Нарынбек, Эдуард Кон
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через