фото: sputnik.kz
Орал–Алматы бағытындағы пойыз үш қойдың кесірінен шұғыл тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды "Мой город".
Оқиға Алматы облысындағы Шамалған станциясының маңында болған.
Үш қой теміржол бойында жайылып жүрген. Теміржол көлігін шұғыл тоқтатқанымен, екі қой пойыз астында қалды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәжбүрлі тоқтау бес минутқа созылғанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары қойдың иесін, Үлгілі ауылының 1973 жылы туған тұрғынын анықтады.
Ер адам мал бағу ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылып, малынан айырылып, ескерту алды.
Тәртіп сақшылары мал иелерімен үнемі сұхбат жүргізілетінін, бірақ әзірге бұл тиісті нәтиже бермегенін айтады.
© Photo : Pixabay / Manfred Antranias Zimmer
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через