фото: 24.kz
Табиғи таза өнімді өндіретін серіктестік мемлекеттік қолдауға ие болды.
Президент биылғы Жолдауында отандық экспорттың әлеуетін арттырып, шаруаларға барынша қолдау көрсету керектігін айтқан. Мысалы, Қарасай ауданында орналасқан бұл цех 2009 жылы ашылды. Жылына 2500 мың тонна алма шырынын шығарып, көрші елдерге жөнелтеді. 65 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Компания басшысының айтуынша, экологиялық өнімге сұраныс көп. Бірақ табиғи таза тауар өндірушілер аз. Ал шетелде экоөнімдер қымбат.
Тимур Асминкин, компания директоры:
- Мемлекет агросекторды серпінді дамытуға мүдделі. Бұны Мемлекет басшысы әр Жолдауында айтып келеді. Біз отандық өндірісті дамытуға бағытталған бағдарламалардың өміршең екенін білеміз. Енді келер жылы сыймдылығы 2 мың тонна жеміс-жидек сақтауға болатын қойма саламыз.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через