Алматы облысында ЛРТ салына ма?

Алматы облысында ЛРТ салына ма?

       Алматы облысында ЛРТ салу бойынша түрік инвесторымен меморандумға қол қойылды.

       "Ташяпы" компаниясы (Түркия) Қаскелең - Есік - Талғар - Алматы - Ұзынағаш бағыты бойынша жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр. Талғар мен Қаскелеңнен Алматыға ЛРТ арқылы жету үшін көліктерді қалдыруға болатын автотұрақ болады. Бұл Алматыдағы көлік кептелісін азайтуы керек, өйткені қалаға күніне 300 мың тұрғын кіреді.

       Tengrinews.kz