Алматы облысында алкоголь өнімдерін қолдан дайындап келген жасырын цех табылды

Алматы облысында алкоголь өнімдерін қолдан дайындап келген жасырын цех табылды
фото: https://sputnik.kz

Алматы облысында алкоголь өнімдерін қолдан дайындап келген жасырын цех табылды

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, аумақтық департамент қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбалары бар суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты жойған.

Анықталғандай, Іле ауданының тұрғыны жер үйдің аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған.

Оқиға орнын тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар тәркіленді.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Мәтіндегі ақпарат туралы