Алматы мен елордада қанша студент жатақханаға мұқтаж екені белгілі болды

Алматы мен елордада қанша студент жатақханаға мұқтаж екені белгілі болды

       Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты . 

       Жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мың болады деп болжанып отыр. Ең үлкен қажеттілік Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында болып отыр. Алматыда 37 мың орын, елордада 14855 орын қажет болып отыр. Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 30 ЖОО қонақүйлер мен хостелдермен келісімшартқа отырды. Ол бойынша 16 мыңнан астам орын жасақталды, - деді ол. 

       Ешенқұловтың айтуынша, 2018 жылдан бастап жатақхана салу жұмыстары жүргізілді. 

       Осы бастама барысында ЖОО-да 20700-ден астам орын дайындалды. Оның барлығы 93 нысанда жұмылдырылды. 2022 жылы 6 нысан пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында бакалавриат стипендеиясы 20 пайызға, магистратура мен докторантура стипендиясы 15 пайызға артты, - деді Талғат Ешенқұлов. 

       Ақпарат дереккөзі