Алматы көшелерінде 1 млн 100 мыңнан астам көлік жүреді

Алматы көшелерінде 1 млн 100 мыңнан астам көлік жүреді
фото: qamshy.kz

Алматыда жұмыс күндері 10 магистральді жолдан орта есеппен 400 мыңнан астам автомобиль, ал облыстан қалаға апаратын қосымша 17 жолдан 300 мыңнан астам көлік келеді.

Аталған дерек «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінен алынған. 

Алматыға кіретін көлік ағыны 700 мыңнан асады, бұл қала халқының шамамен үштен бірін құрайды. Бұл деректер 2023 жылы 6 қазан күні «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен жол жағдайының мониторингі негізінде алынды, – деді қала әкімдігі.

Алматыға жұмыс күндері келетін көлік саны Латвиядағы көліктердің санымен шамалас. 

Латвияда халық саны - 1,891 миллион адам. Бұл ретте, елде 730 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Былайша айтқанда, облыстан Алматыға үнемі бүкіл Латвия «кіреді». Жергілікті деңгейде есептесек, бұл Батыс Қазақстан облысының 5 (134 172 көлік) немесе Астананың 2 автопаркі (326 мыңнан астам көлік тіркелген) деген сөз, – дейді қала әкімдігі. 

Сырттан кіретін көліктермен қоса, Алматының өзінде 617 мыңға жуық автомобиль тіркелген. 

Бұған облыстан келетін 400 мыңнан астам көлікті қосқанда, мегаполис көшелерінде 1 млн 100 мыңнан астам машина жүреді. Басқаша айтсақ, бұл қаламыздың әрбір екінші тұрғыны көлік тізгіндегендей жағдай, - деп хабарйлайды Алматы әкімдігі.

Baq.kz