фото: https://tengrinews.kz/
Қала әкіміне Алматы іргесінде орналасқан автобустар "зиратының" жағдайы қалай болады, оны ұстауға шынымен де қала бюджетінен қаржы төлене ме деген сауалдар қойылды.
"Онда техникалық тексеру жүргізу қажет. "Алматыэлектротранспен" бұл жұмысты бастадық. Келесі жылы, көктемде толығымен аяқтаймыз. Яғни, әрбір автобус тексеріледі, оған мәслихаттың тексеру комиссиясы, сондай-ақ осындай тексеруге құқығы бар мамандандырылған ұйымдар қатысады. Мемлекеттік сатып алу аясында "Алматыэлектротранс" 2023 жылға 175 миллион теңге төледі, бірақ қазір орналасқан жерді өзгертетін боламыз. Ол Жетігенде орналасқан, Еңбекшіқазақ ауданында 5 гектарға жуық алаң таптық, олармен 26 айға шарт жасалады. Екі жыл ішінде 150 миллион теңге төлейміз, бұл өткен алаңнан кем емес", - деді әкім.
Әкімнің айтуынша, Алматы облысының әкімі "зираттан" 157 автобус алып кетеді, қалғандарын қажет болған жағдайда басқа әкімдіктерге шығару ұсынылған. Досаев екі жылдан кейін "зират" жойылып, болашақта мұндай қоймалар пайда болмас үшін автобустар уақытылы есептен шығарылады және жойылады деп уәде берді.
"Басқа аймақтар оларды қосалқы бөлшектеріне бола ала алады. Біз қолданыстағы жылжымалы құрамды жаңарту үшін ол жақтан негізгі қосалқы бөлшектерді алдық. Қазір бұл автобустар жақсы көрінгенімен, бірақ ішінде ештеңе жоқ. Жоспар бойынша жыл сайын есептен шығару жұмыстарын жүргіземіз", - деп қосты Досаев.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через