Economist Intelligence Unit статистикасында Алматы дүниежүзіндегі ең арзан 10 қала қатарына кірді.
172 қаланы салыстырған рейтингте Алматы 166-орын алды. 165 және 167-орындарға Ахмедабад (Үндістан) пен Қарашы (Пәкістан) орналасты.
The Economist журналы ең кейінгі орындарға жайғасқан Тегеран (Иран), Триполи (Ливия) мен Дамасктың (Сирия) экономикасы инфляцияның кесірінен нашар дамып жатыр дейді.
Ал ең қымбат он қала қатарына Сингапур, Нью-Йорк, Тел-Әвив, Гонгконг, Лос-Анджелес, Цюрих, Женева, Сан-Франциско, Париж, Копенгаген мен Сидней кірген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через