Қаладағы қоғамдық көлік аялдамаларында QR коды бар жарнама стикерлер жапсырылған. Оны сканерлеген кезде "ҚХБ Инвест" деген күмәнді парақша ашылады.
Алаяқтар халықты Ұлттық банкпен бірге табыс табуға үгіттейді. Қаржы мекемесінің бұрынғы төрағасының аты-жөні қолданылып, Қазақстанның табиғи ресурстарына инвестициялауға және табысқа қол жеткізуге шақыратын басқа тұлғаның суреті көрсетілген.
Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, бұл хабарландыру еш жерде тіркелмеген. Демек рұқсат етілмеген жарнама. Оның қаржылық пирамидаға қатысы бар-жоғын анықтау үшін әкімдік қызметкерлері полицияға жүгінген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через