фото: istockphoto.com
Алматы халықаралық əуежайында ауа райының қолайсыздығынан 12 əуе рейсі кешіктірілді. Бұл туралы əуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мегаполистегі метеоахуалдың қолайсыздығына байланысты 12 əуе рейсі кешігіп жатыр. Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз. Әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деп хабарлады Алматы халықаралық əуежайынан.
Алматыда таңертең басталған қар тоқтаусыз жауып тұр.
Қазгидрометтің болжауынша, ауа температурасы 17 ақпанда түнде және түстен кейін -14...-22 градус суық болады.
Алматылық полицейлер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через