фото: egemen.kz
Халықаралық Алматы әуежайы 8 миллионыншы жолаушыны қарсы алды.
Оралдан Алматыға бағыт алған Қайрат Манабаев ақжолтай ақпарды ұшақта естіген. Бірақ бортсерік тек «әуежайдың қауіпсіздік қызметіне жолығыңыз», деген ақпарат айтқан. Алматыға жеткенше уайымдап келген жолаушы тосын сыйды көргенде абдырап қалғанын жасырмады. Ташкентке бара жатқан Қайратты әуежай басшылығы құттықтап, Грузияға бір апталық жолдама табыстады. Жылдық жолаушылар саны 8 миллионға жеткен Алматы әуежайы қазір 29 елдегі 108 әуежаймен тікелей байланыс орнатқан. Келер жылы жаңа терминал іске қосылған соң жолаушы саны 14 миллионға дейін артуы мүмкін.
Ақпарат дереккөзі:.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через