фото: sr-54.ru
Елімізде 6 қаланың маңынан саяжай үшін 0,12 гектар жер тегін беріледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған.
«Саяжай алаптары аумағы бау-бақша, көпжылдық жеміс немесе жидек дақылдарын, сондай-ақ сәндік өсімдіктерді өсіруге арналған. Бұл учаскелер маусымдық пайдалануға және дақылдарды өз тұтынуы немесе кейіннен сату үшін өсіруге арналған», - деп атап өтеді бірінші вице-премьер.
Оның айтуынша, бүгінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес бау-бақша және саяжай серіктестіктерін орналастыру үшін жер учаскелері бекітілген қала құрылысы құжаттамасына орай қала маңындағы аймақтың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінен, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің жерлерінен берілуі тиіс.
«Қазіргі уақытта қала маңындағы аймақ алты қалада бекітілген: Астана, Алматы, Ақтау, Тараз, Орал және Петропавл. Қазақстан азаматтарына бау-бақша, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін жеке меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, ауылдық елді мекендерден және қордан 0,12 гектар жер тегін беріледі. Аталған мақсатта жер учаскелері қайтадан тегін берілмейді. Бұл құқықты көп балалы отбасылар да, азаматтардың басқа санаттары да пайдалана алады», - Роман Скляр.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото sr-54.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через