Алматы – Ақтөбе пойызында сәби дүниеге келді

Алматы – Ақтөбе пойызында сәби дүниеге келді
фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Алматы – Ақтөбе пойызында Малика есімді сәби дүниеге келді.

Нәрестенің анасына босануға жолсеріктер көмектескен.

"Жедел жәрдем келгенге дейін пойыздың жолсерігі Ғалия Қабдрахманова анаға қажетті көмекті көрсетті. Сағат 14.27-де жас ана қызын аман-есен босанды", - делінген хабарламада.

Пойыз Жем станциясына келгенде жолсеріктер нәресте мен анасын жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Қыздың есімі – Малика. Жалпы соңғы үш жылда жолсеріктердің көмегімен пойызда 11 нәресте аман-есен дүниеге келген.

ҚазАқпарат